Thursday, 14 November,2024

7 миссионер куәлік алған: Ақмола облысында шетелден келген 29 адам дін уағыздап жүр

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ақмола облысында 200-ге жуық діни бірлестік заңды жұмыс істейді. Тіпті биылдың өзінде 7 миссионер тіркеуден өтіп, куәлік алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жергілікті құзырлы орган дерегіне сүйенсек, өңірде өз діни ағымына үгіттейтін 29 миссионер бар.

"Облыста 190 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде: 90 - ислам, 46 - православтық, 41 - протестант, 11 - католиктік бағыттағы, 1 - Бахаи діні және 1 - Ақмола облысының Кришна Сана қоғамы. Жалпы діни нысандар саны – 152. Оның 89-ы мешіт, 29-ы православтық шіркеу, 12-і католик шіркеуі және 22 протестанттық дұға үйлері", - деп жазылған әкімдік ұсынған деректе.

Оның ішінде 19 адам - Польша, 5 - Филиппин, 1 - Қазақстан, 1 - Ресей, 1 - Германия, 1 - Швейцария және бір Италия азаматы. Барлық 29 миссионер католицизмді уағыздайды.

Ұсынылатын