7 млн теңге: Омар Жәлел “Қоғам қайраткері” атағын алу үшін пара берген
Белгілі ғалым, Абайтанушы Омар Жәлел “Қоғам қайраткері” атағын алу үшін ақша бергенін айтты. Оның айтуынша, Алқа Шаяхмет есімді желі қолданушысы атақтан бөлек 7 миллион теңге сыйақы аласыз деп алдап соққан, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Омар Жәлел өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Бұл ашкөздік дегенді қойсайшы: “Сізді қоғам қайраткері деген атаққа ұсынайық деп едік” - деп хабарласты Алқа Шаяхмет қарындасым. “7 млн. теңге аласыз. Ешкімге айтпаңыз. Ешкім білмесін. Өзім коммисияның мүшесімін. Алла қаласа Тәуелсіздік күнінің қарсаңында алып қаларсыз” - деді “жанашыр” қарындасым. Содан ашкөздігім оянып, белгісіз бір рақат сезімі билеп “құжат жинауға керек” деген сомасын басқа бір орыс тілді әйелдің атына аударып та жібердім. Тәуелсіздік күні де келіп жетті: атақ та жоқ, 7млн. да жоқ, отырған сол дәметкеннен алқымым ісіп. “ Енді не болды, қарындасым?” деп хабарлассам, “жылдың соңына дейін күтіңіз” дейді. Үмітсіз шайтан деп, отырмын енді күтіп.
PS. Бір мен ғана емес, қасымда “Дарын” сыйлығынан үміткер тағы екі адам бар: олар 5 миллионнан аламыз деп күткен екен”, - деп жазды Омар Жәлел.