Sunday, 24 November,2024

“70 мың теңгеге отбасын асырауға болады”. Танымал ұстаз халықты қанағатшылдыққа шақырды

Uaqyt.info
Фото

Танымал ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбетұлының ақшаға қатысты айтқан пікірі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Имамның айтуынша, бір отбасыны 70 мың теңгеге асырауға болады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Адамның көп ақша табуы маңызды емес. Адамның ақшасында берекет бар ма, сол маңызды. 70 мың теңгеге отбасын асырап жатқандар бар. Сол ақшаға пәтер жалдап тұратындар да бар. Қанша болса да, ең төменгі жалақымен жұмыс істеп жатқандар бар. Оның үстіне баспанасыз болып жүргендер бар. Дәл сол сияқты адамдар бар. Бұл да, анау да өліп жатқан жоқ. Бірақ, ананың өмірінде берекет жоқ, мынау сол ақшаға қанағат қылып әдемі өмір сүріп жатыр. Ол мұсылман адам кедей болып өмір сүрсін деген сөз емес. Бірақ, бәрінің тағдырына бай болу жазылмаған", - дейді имам.

Ұстаздың бұл пікірі әлеуметтік желіде тарады. Алайды оның бұл сөзіне қарсы пікір көп жазылып жатыр.

Ұсынылатын