- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- 70 пайызы ана тілде білім алуды таңдаған: Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау аяқталды
70 пайызы ана тілде білім алуды таңдаған: Қазақстанда 1-сыныпқа құжат қабылдау аяқталды
Алмас Абылай

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау аяқталды. 4 ай уақыт аралығында 377 681 өтініш түскен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оқу-ағарту министрлігі дерегіне сүйенсек, биыл 1-сыныпқа 377 681 өтініш берілген. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданып отыр.
"Өтініш берішулердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылды", - делінген ақпаратта.
Жалпы, бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%). Одан кейін Павлодар (97,6%), Шығыс-Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркеліп отыр.