8-сынып оқушыларын жезөкшелікке жеккен әйел ұсталды
Uaqyt.info
Фото pixabay
Жетісу облысында 2008 жылғы қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлі түрде жеккен 30 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жантүршігерлік ақпаратты Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді. Оның айтуынша, 1993 жылы туған әйел 8-ші сынып оқушыларын тоғыз ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Ал қыздардың қызметінен түскен табысты жеке дара қалтасына басып отырыпты.
“Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабы (кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту) және 309-бабының 2-бөлігі (жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, - деді министрлік өкілі.