Saturday, 23 November,2024

8 жылға бас бостандығынан айырылған Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі қайта қолға алынды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Астана соты апелляциялық шағым бойынша Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық істі қайта қолға алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

"2023 жылғы 20 маусымда сотталушылардың қорғаушыларының атынан түскен апелляциялық шағым негізінде А. Мұхамедиұлы, А. Нұразхан, А. Сәдуақасова және А. Көшеновке қатысты қылмыстық іс қайта қаралады", - дейді судья Мұрат Еркінбекұлы.

Айта кетейік, сот отырысында А. Мұхамедиұлының үш сыбайласының (А. Нұразхан, А. Сәдуақасова және А. Көшенов) ісі бірге қайта қаралып жатыр.

Сондай-ақ, судья сот отырысының ашық форматта, яғни, қатысушыларға шектеу қойылмайтынын айтты. Сотталушылардың адвокаты мен қорғаушылары өз өтініштерін білдіріп, сот отырысын кейінге шегеруді ұсынды.

Еске салайық, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы 28 мамырда қамауға алынған еді. Оған "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.

Биыл 20 маусымда сот үкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар елорда соты оның сыбайластарына да үкім шығарды. Ұлттық музейдің бұрынғы басшысының 3 сыбайласы да 7 жылға сотталды.

Ұсынылатын