Monday, 20 May,2024

80 жастағы Амалбек Тшанов жас көрінудің құпиясымен бөлісті

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов уақытынан бұрын қартайып кеткен жігіттерге өз кеңесін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Амалбек Тшанов сәуір айында 81 жасқа толады. 80-нің сеңгіріне шықса да ол әлі күнге шпагатқа отырып, шаңғы тебеді. Өзінің жас көрінуінің құпиясын ақсақал спортпен тікелей байланыстырады. ASSYLTAS TV арнасына берген сұхбатында ол өзінен кейінгі жастарға кеңесін айтты.

“60-қа келген көп жігіттер “ой, біз қартайдық қой” деп қарындарын сипап отырады. Сонда сен кімге керексің?! Адам ең әуелі өзіне керек. Өмірді сүю керек, құр жатып алмай, спортпен шұғылдану керек. Мен өз өмірімді спортпен тығыз байланыстырған адаммын. Әлі күнге шаңғы тебемін. Таза ауада көп жүремін. Мен 80-ге келдім деп ойламаймын. 80 келдім деп айтуға ұяламын. Адамның өмірі өзіне тікелей байланысты. Әйтпесе, 30, 40 жасында қартайып кеткен жігіттер көп қой”, - деді Амалбек Тшанов.

Ұсынылатын