Sunday, 24 November,2024

9 ай бойы мәйіті тоңазытқышта жатқан: Бахрейнде 32 жастағы қазақстандық әйелдің денесі табылды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Бахрейнде 32 жастағы қазақстандық әйелдің өлі денесі табылды. Мәйіті 9 ай бойы тоңазытқышта сақталған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Көреміз бағдарламасында анасы айтты. Сөзінше қызы Бахрейн Карольдігіне жұмысқа кеткен. Массаж бизнесімен айналысатын көрінеді. Бірақ ақпан айында хабарласқаннан кейін байланыс үзілген екен.

"Күнде әлеуметтік желімен хабарласып тұратынбыз. 19 ақпаннан бастап іздеудемін, не жазбайды, не жауап бермейді. Бірнеше нөмірі бар еді, барлығы да өшірулі. Қызыммен жиі ұрсысып қалатын болдық. Бірақ тез татуласатын едік. Био-энергетикалық массаж жасаумен айналысады. Арнайы аппараты болатын. Диляра бұрын тұрмыста болған және баласы бар. Бахрейнге жұмыс бабымен 3 жылдан бері барып келіп жүрген. Бахрейнде Сұлтан деген жігіті бар. Ол туралы ештеңе білмеймін. Бірақ содан күмәнданамын. Жалпы қызымның сол жақта қонақүйге тұратынын білемін", – дейді анасы Ардақ Қожамберлина.

Сондай-ақ, екі жыл бұрын Диляра науқастанып, анасы жындыханаға апарған екен.

"Екі жыл бұрын енесі хабарласып, "үш күн болды, қызыңыз біздің үйде, ауырып, кіріп-шығып жүр" деп айтты. Содан кейін барсам, психологиялық тұрғыда ауытқып жүр екен. Медбике құрбыммен ақылдасып, жындыханаға апардым. "Егер жатқызбасаңыз, асқынып кетеді" деді. Сосын бір айдан соң жазылды да, Бахрейнге жұмысқа кетті", – деді анасы.

Ақпаратты ҚР сыртқы істер министрлігі растады. Марқұмның денесі елге жеткізілді.

Ұсынылатын