Saturday, 23 November,2024

9-сыныпты бітірген жасөспірім Каспийге батып кетті

Uaqyt.info
Фото pixabay

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында мектеп оқушысы суға батып, көз жұмды. Жасөспірім сыныптастарымен бірге демалуға барған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Lada.kz жазуынша, қайғылы оқиға «Голубая бухта» жағажайында болған. Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашеваның айтуынша, суға бір бала батып кетсе, тағы төрт оқушы ауруханаға жатқызылған. Олардың жағдайын дәрігерлер жіті бақылауда ұстап отыр.

«Соңғы қоңырауға дейін алдын алу шараларын жүргізіп, оқушылардың табиғатқа шығуына тыйым салу туралы ақпарат жариялағанымызға қарамастан, мұғалім қаладан шығуға рұқсат берген. Өрескел бұзушылыққа жол бергені, сондай-ақ өз міндеттемелеріне немқұрайлы қарағаны үшін мұғалімге сөгіс жарияланды», - деді Динара Жұмашева.

Ұсынылатын