Абай күні: Елімізде ұлы ақынның есімімен аттас қанша адам бар
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күні аясында елімізде сан түрлі іс шаралар өткізілуде. Соның бірі Абай күні. Осы орайда ұлттық статистика бюросы қанша адамның ақын есімін арқалап жүргенін жариялады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бүгінде елімізде Абай есімі қойылған 18 452 адам тұрады екен. Ақынмен аттас тұрғындар саны Түркістан облысында көп кездеседі – 2050 адам.
Сондай-ақ ұлы ақынның есімі берілген адам саны Астанада да көп – 1930 адам.
Алғашқы үштікті Абай есімді 1 588 адам тұратын Алматы облысы түйіндейді.
Ойшыл есімі бар тұрғын саны Ұлытау өңірінде ең аз – 194 адам.
Ақынның туған өлкесінде Абай атын арқалаған (Абай обл.) 238 адам тұрады.
Жас құрамын қарасақ, Абай есімді 17 жасқа дейінгі 4297 бала бар, ал 18 бен 44 жас аралығында 8231 адам.
Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының ел аумағында 30-дан астам мүсіні мен ескерткіші орнатылса, 100-ге жуық білім ордасына есімі берілген.