Абай облысында 9 жасар ұл зорланды
Абай облысында 9 жасар ұлды 46 жастағы ер адам зорлаған. Бұл туралы Немолчи қоры жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Дерекке сүйенсек, жасөспірімге өгей әкесінің інісі қорлық көрсетіпті. Яғни ол жұмысында болған кезде үйінде ұлы мен әжесі жен інісі болған. Кейін кішкентай телефонын қуаттау үшін үй ішіне кіргенде әлгі 46 жастағы азамат оны бас салған.
"Анам сыртта ыдыс-аяқ жуып жүрген. Үйде інім бала, анам төртеуіміз тұрамыз. Телефонының қуаты сөнгеннен кейін ұлым үйге кірген. Сол сәтте ол арам ойын іске асырыпты. Анам ыдыс жуып болған соң үйге кірген. Сол сәтте ер адам қалтырап отырыпты, ал кішкентай бала іш киімін киіп отырған. Бірден полиция шақырып, күдікті ұсталды", - делінген жазбада.
Сонымен қатар, ұлды тексеру кезінде денесінде, құйрық тұсында көгерген белгілер анықталған. 46 жастағы күдікті баланың аузын жауып, үйдегілерді көмекке шақыруға мүмкіндік бермеген. Біреуге тіс жарса, өлтіретінін айтып қорқытқан.