Thursday, 19 September,2024

Абай облысында көз жұмғандардың саны 15-ке жетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Абай облысында жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. Онда үш күн бұрын жоғалып кеткен ауыл тұрғыны Сергей Архиповтың мәйіті табылғаны айтылған.

“Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен табылды. Ол Абай облысы полиция департаментінің кинологиялық есебінің құрамында жұмыс барысында сигнал беріп, трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүрді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге де деректері жария етілмейді.”, - делінген полиция таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Сергей Архипов орман өртін сөндіруге аттанған болатын. Соңғы рет ол байланысқа 10 маусымда шыққан. Абай облысындағы өрттен барлығы 15 адам көз жұмды. Uaqyt.info төтенше жағдай туралы үздіксіз жазып жатыр.

 

Ұсынылатын