Абай облысында орман өрті өршіп тұр
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Абай облысындағы орман өртін өшіруге тікұшақтар тартылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіруге Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300 астам адамы, 70 техникасы жұмылдырылған. Бұдан бөлек әуеден су шашуға 4 тікұшақ жіберілген.
“ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына вице-министр М.Күлдіков жіберілді. Жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында Островский атындағы ОМ және колледжде эвакуациялық пункттерді орналастырды”, - делінген хабарламада.