Абай облысында қатты желдің салдарынан ауыр жүк көлігі аударылып қалды
Uaqyt.info
Фото Polisia.kz
19 желтоқсан Омбы - Майқапшағай трассасының 913 шақырымында болған жол апатының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жүргізушіге полиция қызметкерлері Оразбаев пен Мұхамеджанов көмекке келді.
Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі - Ресей Федерациясының азаматы, ол жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермегенін, қатты желдің салдарынан көлік аударылғанын түсіндірді.
Полицейлер ауыр жүк көлігін жолға шығара алатын тиегішті алу үшін ЖШС-лердің біріне жүгінді. Кюветтен ауыр жүкті шығару операциясын толық сүйемелдей отырып, тәртіп сақшылары көлікті жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізді.
Шетелдік полицейлерге ризашылығын білдірді.