Абай облысында шөп жинауға шыққан жасөспірім қаза тапты
Uaqyt.info
Фото pixabay
Абай облысының Бесқарағай ауданында 17 жастағы бала оқыс жағдай көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz мәліметінше, қайғылы жағдай 14 сәуірде болған. Бесқарағай ауданында жасөспірім өзінің танысымен бірге шөп жинай бастаған. Жұмыс барысында жәбірленуші трактор мен білік жетегімен тракторға қосылған шөп орау прессінің арасында тұрып, секірмек болғанда, киімге ілініп, қысылып қалған. Нәтижесінде 17 жасар жасөспірім оқиға орнында дене жарақатынан қайтыс болды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.