Абай облысында су тасқыны кезінде жоғалып кеткен үш адам іздестіріліп жатыр
Абай облысының Аягөз ауданында судың бел ортасында қалып қойған үш адамның не өлі, не тірі екенін белгісіз. Қарағаш ауылының азаматтары МТЗ 82 маркалы тракторымен «Шалқар» шаруа шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай бармақ болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алайда сол сәтте су деңгейі көтеріліп, олар қызыл судың ортасында қалып қояды.
“Аталған трактор көлігіндегі екі ер адам жолды қысқарту үшін өзенді кесіп өтпек болған, алайда су деңгейінің көтерілуіне байланысты, олар өзеннің ортасында қалып қойған, бүгінгі күні аталған азаматтардың нақты қайда екені белгісіз күйде қалып отыр”, - делінген ІІМ мәліметінде.
Бұдан бөлек Аягөз өзенін кесіп өтпек болған аттылы туралы да хабар жоқ. қазіргі уақытта жоғалған үш адам іздестіріліп жатыр.
Айта кетейік, Аягөз өзенінде су деңгейі көтеріліп, 172 адам эвакуацияланған болатын.