Thursday, 19 September,2024

Абай облысында жолаушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Абай облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты Үржар ауданында Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде болған. Соның салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Абай облысының Үржар ауданында Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде, қатты желдің салдарынан 31 жастағы коммерциялық жолаушылар автобусының жүргізушісі рульді басқара алмай 17 жолаушымен кюветке ұшып кетті», - деді Абай облысы Полиция департаментінен.

Ұсынылатын