Абай облысындағы орман өртінің түтіні Жетісу облысына тарады
Алмас Абылай
Фото zakon.kz
Абай облысындағы орман өртінің түтіні Жетісу облысына жайылды. Соған байланысты төтенше жағдайлар департаменті халыққа үндеу тастап отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі түтінге байланысты мәлімдеме жасады. Онда халыққа маска киіп, денсаулыққа сақтықпен қарауды ескертіп отыр.
"Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше аудандарының аумағы қалың түтінмен жабылды. Осыған байланысты сабырлы болуларыңызды және Маска киюді сұраймыз. Тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес беріледі", - делінген ТЖД хабарламасында.