Friday, 20 September,2024

Абай облысындағы өрт кезінде жоғалып кеткен тракторшының неден көз жұмғаны белгілі болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

10 маусымда жоғалып, арада үш күн өткеннен кейін мәйіті табылған тракторшының өліміне не себеп болғаны айтылды, деп хабарлайды Uаqyt.info.

Polisia.kz хабарлауынша, Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болған. Естеріңізге сала кетсек, жоғалып кеткен 1987 жылы туған Сергей Архиповтың денесі, Абай облысы полиция департаментінің қызметтік итімен табылған болатын.

“Ер адамның зорлық-зомбылықпен қайтыс болу белгілері, сондай-ақ алғашқы тексеру кезінде өрттен қаза болғандығын көрсететін белгілер табылған жоқ. Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ер адамның өлімі жүрек жеткіліксіздігі - кардиомиопатия нәтижесінде болғандығы анықталды”, - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын