Friday, 20 September,2024

Абай облысындағы өртке байланысты Президенттің Вьетнамға сапары кейінге қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президент шұғыл кеңес өткізу және апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларын қабылдау үшін Абай облысына баруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Абай облысындағы өртті сөндіру, сондай-ақ апат ауқымының кеңеюіне жол бермеу және азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық техникалық және адами ресурстарды жұмылдыруды тапсырды. Өртті сөндіруге Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері тартылды.

Ұсынылатын