Monday, 25 November,2024

Абай облысындағы өртке халықтан ақша жинаған ақын сынға қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Абай облысындағы өрттен жапа шеккендерге халықтан ақша жинай бастады. Оның бұл үндеуін қолдап жатқандар да, сынап жатқандар да баршылық, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ол өз үндеуін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Онда ақын қыз алапат өрт болып жатқан аймаққа қол ұшын созуға, халықтан қаржылай қолдау көрсетуді сұраған. Бірақ оның бұл бастамасын сынап жатқандар да аз емес.

“Осындай сайқымазақтарды аттандатып халықтан ақша жинап алады, сонда бұл билік қашан жұмыс жасайды?”, “Түркияда, Ресейде апат болса, жандары қалмай жанталасатын белсенділер қайда??? Ешкімді міндеттеп отырған жоқ ақша бер деп, әркім өзінің сана-сезіміне байланысты көмек көрсетеді. Адамнан қайтпаса да Алладан қайтады”, “Министр депутаттардың отыз жыл бойы атқарған жұмысының жемісі. Соларды жіберу керек еді өрт сөндіруге, жалақаны бекітетін адамдарды, бюджетті тағайындайтын, “Көмек берейік, халқым! Асылға жібердім. Ай-Шолпанға сенейік, бір тиынын да қалдырмай сол шараға жұмсайды”, - деп жазды желі қолданушылары.

Ұсынылатын