Saturday, 23 November,2024

Абай облысындағы өрттен 300-ге жуық адам эвакуацияланды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Абай облысындағы орман өрті өңірге әлі қауіп төндіріп тұр. Құтқарушылар 277 адамды қауіпсіз жерге көшірген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Төтеншеліктердің хабарлауынша, өрт 1500 гектар жерді шарпыған. Қызыл жалын құрғақ шөптерді жалмап жатыр. Осыған байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ал апатпен күресуге Астана, Қарағанды және Павлодар облыстарынан көмек келуде.

«Өрт орнына вице-министр Марат Күлдіков келіп жетті. Командалық-штабтық машина (КШМ) жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ дағдарыс орталықтарында ТЖМ мен Абай облысының ТЖД жедел штабтары жұмыс істейді. Сенім телефоны ашық. Қазгидромет деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады», - делінген хабарламада.

Ұсынылатын