Әбдіжаппар Әлқожа әйеліне қымбат көлік сыйлады
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа әйелінің туған күнінен қымбат көлік тарту етті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қуанышты жаңалығын әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
“Махаббатымның бәйбішесі туған күнің құтты болсын! Үйленгенімізге 9-жыл болса! 9-жыл сені бір де бір жыл дұрыс құттықтап қасыңда болмаппын. Осы жылы,осы жолы барымша қуантуға тырыстым. Сен менің жан дүниеме керексің Оригиналым. Төрт сағатта ұйымдастырған, осы кеште әрқашан қолдайтын алтын достарыма алғысым шексіз. Сізде тілекші болып қойыңыз, Ағайын! Жақсылықта жүрейік. Жұғысты болсын”, - деп жазды әнші,
Айта кетейік, Әбдіжаппар Әлқожаның жақында ғана шыққан "Бәйбіше" деген әні елдің талқысына түскен болатын.