Friday, 18 October,2024

Әбдіжаппар Әлқожа түрмеде ән салды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Тәуелсіздік күніне орай бір топ әнші сотталған азаматтарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, концерт берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Фото: polisia.kz

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №12 мекемесінде танымал әншілердің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылған.

Алматы облысының Заречный кентінде орналасқан мекемеге Әбдіжапар Әлқожа, Шыңғыс Құралбаев және Саидалим Тохтохунов шақырылды. Эстрада жұлдыздары сотталған азаматтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, отбасыларына аман-есен оралуларына тілектерін білдірді.

“Іс-шара Жол картасын жүзеге асырумен сотталғандарға тәрбиелеу және әлеуметтік қарым қатынасты арттыру үшін жүзеге асырылды. Өз кезегінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар қонақтарды мерекелік көңіл күймен қарсы алып, өз алғыстарын білдірді”, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Ұсынылатын