Saturday, 18 May,2024

Абиба Әбужақынова әлем чемпионатында жеңіліп қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатын қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова ерте аяқтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Telegram-дағы BEK Sport арнасы жазды. Онда 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін таласта Әбужақынова италиялық Ассунта Скуттодан ұтылғаны жазылған.

Нәтижесінде әйелдер құрамасының көшбасшысы бесінші орынды қанағат тұтты.

Айта кетейік, былтыр Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатында Әбужақынова қола медаль жеңіп алған.

Айта кетейік, Елдос Сметов те әлем чемпионатымен қоштасты Ол 1/8 финалда өзбек Дилшодбек Баратовтан жеңілді. Былтыр Ташкентте дәл осы балуаннан басым түскен. Өзбек есесін қайтарды.

Ұсынылатын