Абиба Әбужақынова ақтық сайыста әлем чемпионымен кездеседі
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен Абиба Әбужақынова финалға жолдама алды. Қазақстандық балуан ақтық сында үш дүркін әлем чемпионы, жапон спортшысы Натцуми Цунодамен кездеседі, деп хабарлайды Uaqyt.info.
48 келіге дейін салмақта өнер көрсететін Абиба Әбужақынова жартылай финалда оңтүстік кореялық балуаннан басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды. Оның финалдағы қарсыласы - жапониялық Натцуми Цунода. Айта кетейік, Натцуми Цуноға Абиба былтыр Ташкентте өткен байрақты бәсекеде есе жіберген болатын.