Monday, 16 September,2024

Абиба Әбужақынова Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен Абиба Әбужақынова әлемнің үш дүркін чемпионы Нацуми Цунододан ұтылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Финалда жапон балуаны Нацуми Цунодо қазақ қызы Абиба Әбужақыновадан басым түсиі. Осылайша жерлесіміз күміс медальға қол жеткізді. Белдесуде Әбужақынованың мұрны бірнеше рет қанап, күресуге айтарлықтай кедергі келтірді.

Айта кетейік, Белдесу барысында бірнеше рет Абибаның мұрны қанап кеткені де оған біраз кедергі келтірді. Абиба Әбужақынова өзі алғаш рет қатысқан Азия ойындарында бірден финалға шығып отыр. 

Ұсынылатын