Saturday, 23 November,2024

Абиба Әбужақынова Grand Slam турниріне қатыспайтын болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Абиба Әбужақынова Астанада өтетін дзюдодан әлемдік Grand Slam турниріне қатыспайтын болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы федерацияның ресми мәлімдемесінде айтылған.

“Команданың медицина мамандарының ұсынысы бойынша Абиба Абужақынова Астанада өтетін дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатыспайды. Әлем чемпионатында алған жарақатынан (иығы) толық айықпады және жарақатымен күрессе, оны асқындырып алу қаупі болғандықтан, әлемдік жарысқа қатыстырмау туралы шешім қабылданды”, - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Grand Slam турниріне Елдос Сметовтің де жарақатына байланысты қатыспайтыны айтылған.

Ұсынылатын