Saturday, 23 November,2024

Әблязовтың сыбайласы өз еркімен Қазақстанға берілді

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға өз еркімен қайтарылды, - деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы "БТА Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрамында жасалған ақшаны, оның ішінде шетелде жымқыру және жылыстату дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген Мұхатар Әблязовтың тағы бір сыбайласы - Алексей Владимирович Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды", - делінген хабарламада.

Ол Metropolitan Manageres Corp (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, "Беловод крахмал комбинаты" ЖАҚ басқарма төрағасы және "Маис Агро" ЖШС маманы ретінде банктің 300 миллион теңгеден астам сомаға ақша қаражатын жымқырған.

"Күдіктінің жақын туыстары және адвокаты түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша Богданов Қазақстанға оралуға және тергеуге жәрдемдесуге ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады. Биыл 15 мамырда ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматы қаласына келді", - делінген хабарламада.

Ұсынылатын