Абылай Мырзахметовтің ісіне қатысты сот отырысы жабық режимде өтетін болды
Uaqyt.info
Фото
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовке қатысты сот отырысы жабық режимде өтеді. Бұл туралы судья Айжан Құлбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Судья прокурордың өтінішін қанағаттандырды.
"Сот өтінішхатты қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Абылай Исабекұлы Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралады. Шешімге шағым жасауға болмайды", - деді судья Айжан Құлбаева.
Айта кетейік, Мырзахметов аса ірі мөлшерде және бірнеше рет немесе адамдармен бірігіп пара беру, сондай-ақ аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша айыпты болып отыр.