Адам ағзасы шошқа бүйрегін қабылдады: Ғалымдар тың жаңалық ашты
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
АҚШ ғалымдары науқас адамды шошқа бүйрегімен құтқарып қалды. Алғаш рет жасалған трансплантация нәтижелі болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ВВС дерегіне сүйенсек, Алабама университетінің ғалымдары адамның екі бүйрегін шошқаның генетикалық түрлендірілген бүйрегімен алмастыру операциясын жасаған. Яғни бұған дейін миы өлген науқасқа оның отбасынан рұқсат алып, операция жасап отыр. Нәтижесінде медицина тарихына тың жаңалық ашылды. Шошқа бүйрегін адам ағзасы қабылдап, жақсы жұмыс істеп кеткен. Ағзаны токсиндерден тазартып, зәр шығарып жатыр деп дабыл қақты мамандар.
Әзірге бұл тек бір жағдай ғана, ол созылмалы бүйрек ауруымен ауыратын және трансплантацияға мұқтаж ондаған мың науқасқа үміт сыйлады.