Saturday, 23 November,2024

Адам өлтірді деген күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Uaqyt.info
Фото

Халықаралық іздеуде болған ер адам Германияда ұсталып,  Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бас прокуратура таратқан мәлімет бойынша, күдікті 8 жылдан 15 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Айта кетейік, күдікті 2017 жылы Оралда адам өлтіріп, кейіннен елден қашып кеткен болатын.

"Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақ аумағында орын алған, жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге 7 рет пышақ жарақатын келтіріп, жәбірленуші соның салдарынан қаза бол ған", - делінген хабарламада.

Ұсынылатын