Saturday, 5 October,2024

Адамзат тарихында ер мен әйелдің ерінмен сүйісуі қай кезеңде пайда болғаны белгілі болды

Алмас Абылай
Фото ВВС

Адамзат тарихында ерінмен сүйістің қашан пайда болғаны анықталды. Ғалымдар бұған дейін сүйісу Үндістаннан бастау алады дейтін тарихты жоққа шығарды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Дат ғалымдары ер мен әйелдің ерінмен сүйісуді қашан үйренгенін зерттеді. ВВС агенттігінің жазуынша романтикалық қарым-қатынас 4500 жыл бұрын пайда болған. Яғни біздің заманымызға дейін 2500 жыл бұрын. Әрі ерінмен сүйісу отаны Таяу Шығыстан шыққан көрінеді.

Оған Ефрат өзендері маңынан табылған құнды жәдігер дәлел болып отыр. Бұл құмды тас бұрын Месопатамия деп аталған қауымның, қазіргі Ирак пен Сирияның бір бөлігі, арасында пайда болған.

Дәл осы күнге дейін ер мен әйел арасындағы романтикалық сүйісу әдісі Үндістанда пайда болды деген дерек бар еді. Ол біздің заманымызға дейін 1500 жыл бұрын қалыптасқан. Дей тұрғанымен дат ғалымдары бұл зерттеуді толықтай жарамсыз етті.

Жалпы адамзат қоғамында шекеден, қолдан, беттен сүю дәстүрі ерінмен сүйісу әдісінен әлдеқайда ерте қалыптасқан. Месопатамий жазбаларында интимдік сүйісу сазды тақтайшалардағы деректерде нақты көрсетіледі дейді ғалымдар.

Осылайша мамандар ер мен әйел арасындағы ерінмен сүйіс ләззаты, интимдік қатынас кезіндегі байланысы біздің заманымызға дейін 2500 жыл бұрын пайда болған деген шешімге келіп отыр.

Ұсынылатын