Sunday, 8 December,2024

Әділдік қайда?! Жамбыл облысында қамауға алынған есепшінің туыстары бас көтерді

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысында 65 жастағы зейнеткердің туыстары бас көтеріп, істің әділ тергелуін талап етіп отыр. Олардың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласынан зейнетке шыққан есепшіге негізсіз айып тағылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Айта кетейік, Таразда ұзақ жыл ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан есепшіге қомақты субсидияны қолды қылды деген айып тағылғып отыр. Алайда күдіктінің туыстары бұл тағылған айыптардың бірімен де келіспейді. Адвокат Елена Ушакованың айтуынша, қылмыстық іс 9 жыл бұрын болған оқиғаның ізі бойынша қозғалған. Бірақ онда зейнеткердің кінәсін дәледейтін ешнәрсе жоқ дейді.

“Тергеу материалдары менің қорғаушымның кінәлі екенін дәлелдей алмайды. Бізге белгілісі осы ғана. Әзірге тергеудің барлық құжатына қол жеткізе алмай отырмыз. Сонда да айтарымыз қаражатқа сұраныс жасау есепшінің қызмет аясына кірмеген. Сондықтан бұл істі жіті тексеру керек. Ал прокуратура қызметкерлері тергеуді біржақты жүргізуде, - дейді адвокат.

Елена Ушакова 65 жастағы зейнеткердің кінәсіз екенін айтып, бұған дейін бірнеше мәрте арыз жазған. Бірақ әзірге одан түк шықпапты. Енді ол Бас прокуратурадан қылмыстық істі өз қарауына алуды және істің жан-жақты әділ тергелуін талап етіп отыр.

“Біз қанша рет арыз жазғанымызбен, бұл ақшаны біздің мойнымызға іліп отыр. Менің қорғалушым тек құжат қағаздарымен жұмыс істеген. Қомақты қаражатты кім, қалай, не үшін алғанын да білмейді. Бұл – осыдан тоғыз жыл бұрын болған іс. Неге ол сол кезде анықталып ашылмаған? Облыстық прокуратура бізді естімейді де, естігі де келмейді”, - дейді Елена Ушакова.

Ал күдіктінің туыстары 65 жастағы зейнеткердің денсаулығының нашар екенін айтады. Олар да істің мән-жайы толық зерттеліп, әділдік орнайды деген үмітте.

Ұсынылатын