Saturday, 23 November,2024

Адыраспан емдік шөп пе, әлде есірткі ме?

Uaqyt.info
Фото

Ресейде адыраспан өсіруге, сақтауға және пайдалануға тыйым салынды. Теріскейдегі көршілеріміз ол шөптің құрамында психотроп зат бар деп қорқып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info Ктк-ға сәлтеме жасап.

Ал елімізде, керсінше, адыраспанды қасиетті өсімдік деп санайды. Табалдырықты жаңа аттаған келіннен бастап, базардағы саудагерге дейін тауарын осы адыраспанмен аластайды. Қазақстандық нарколог дәрігерлер ресейлік мамандардың тыйымына күле қарайды.

Күз түсіп жаз шыққанша еліміздің қай өңірінде болмасын, базарда адыраспанға сұраныс артады. Себебі тұрғындар тұмаудан түшкіре қалса, бұл шөптің түтінің өзі емге дауа деп сенеді.

Тіпті пандемия кезінде тұтататын адыраспан таппай талай адам сабылған. Ол кезде бір бумасының құны мың теңгеден асқан еді. Қазір оңтүстікте де, батыс пен шығыста да адыраспанның бауын базарда 250-300 теңгеден сатып тұр.

Бір бауын 250-300-ден сатып жатырмыз. Коронавирус пандемиясы кезінде таппай қалдық. Ол кезде бір бауын мың теңгеден саттық. Адамға зияны жоқ қой. Пайдасы бар, зияны жоқ. Бұл тұмауды кетіреді. Бала-шағаны басынан, иіскетіп тұрамыз, аптасына бір рет, жұма күндері”, - деді Қамшыбек Берікұлы.  

Мал жемейтін шөпті қазақ жұртты қасиетті санайды. Тіпті бәле-жала жоламайды деп, үй іргесіне іліп қоятындар да бар. Одан қалды бесіктегі баланы да, жаңа түскен келінді де осы өсімдікпен аластайды. Күнделікті тұрмыста да кәдеге жаратады.

“Қазақ тұрмысында адыраспанның тек емдік қана емес, сонымен қатар мұны шикізат ретінде де пайдаланған. Яғни бұдан алынған тұнба түрлі бояу, тұрымыстағы зиянкес жәндіктерді жоюға тұнбасын пайдаланады”, - деді этнограф Фарида Оразқызы.

Қазақ жұрты қадір тұтқанымен, адыраспаннан Ресей үкіметінің өзі қорқып отыр. Көрші ел премьер-министрі Михаил Мишустин мемлекеттік бақылауға жататын есірткі заттарының құрамына осы өсімдікті енгізу туралы қаулыға қол қойды. Ал қазақстандық наркологтар бұған аң-таң. Нашақорлардың адыраспан қолданып, есіріп-еліргенін көргеміз жоқ дейді дәрігерлер.

“Бірінші рет естіп тұрмын, адыраспан есірткі дегенді. Есірткіге тәуелді адамдардан сұраймыз ғой, ешкім адыраспан қолданамыз, адыраспаннан істейміз деген емес. Үйді аластау, ауырғанда емге дәру деп айтады ғой. Ал енді есірткі дегенді мен бірінші рет естіп тұрмын”, - деді Ақтөбе облысы есірткіге тәуелді науқастарды оңалту бөлімінің меңгерушісі Айман Жұмашева.

Мамандар адыраспанның сабағы мен дәні улы екенін айтады. Құрамында есірткілік қасиетке ие алколоидтар бары рас. Бірақ ол небәрі төрт пайызға де жетпейді екен. Сондықтан түтіннен қорқудың қажеті жоқ.

Ұсынылатын