Saturday, 23 November,2024

Ай қарап отырған ба? Астанада сотталушы қамаудан қашып кетті

Uaqyt.info
Фото

Астанада қолына кісен салынған сотталушы қамаудан қашып кетті. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Байқоңыр ауданындағы ЕЦ 166/10 мекемесінен 1992 жылы туған сотталушы қолына кісен салынған күйі қашып кетті. Бүгін шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы сот отырысы өтіп, жеткізілгеннен кейін ол ЕЦ аумағынан қашып кетті. Біз жеке құрамға бағыт-бағдар беріп, шекара заставаларында жасақ қойып жатырмыз", - делінген хабарламада

Ұсынылатын