Monday, 25 November,2024

Ай сайын 5 мың доллар пара: Экс-депутат Әлтаев 2 айға қамауға алынды

Алмас Абылай
Фото

Экс-депутат Нұржан Әлтаев кәсіпкерлер палатасы төрағасы Абылай Мырхзахметовтен ай сайын 5 мың доллар көлемінде пара алып отырған. Осылайша сот оны 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Антикор дерегіне сүйенсек, Әлтаев 2018-2019 жылдар аралығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі бола тұра, жүйелі түрде "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтен пара ретінде ай сайын 5 000 АҚШ доллары мөлшерінде ақша қаражатын алып отырған. Кейіннен Әлтаев 2019-2020 жылдар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты лауазымын атқара отырып, Мырзахметовтен пара алу бойынша өзінің сыбайлас жемқорлық қызметін жалғастырды. Жалпы алғанда, олар пара ретінде 135 000 АҚШ долларын алды. Бұл аса ірі көлем болып саналады.

"Пара Нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бойынша мемлекеттік тапсырысты алуға жәрдемдесуге, сондай-ақ Мырзахметовтың жетекшілік ететін Әлтаев салаларындағы мүдделерін жалпы қамқорлыққа алуға және лоббизм жасауға арналған. Ол жасаған қылмыс жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, тиісті құжаттармен, заттай дәлелдемелермен, барлық қатысы бар адамдардың айғақтарымен және істің басқа материалдарымен расталады", - делінген ақпаратта.

Әлтаев Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Ұсынылатын