Friday, 26 April,2024

Ай жерге түседі

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Дубайда ай пішіндес ғимарат салынатын болды. Ерекше архитектуралық жобаның құны 5 миллиард доллар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

AP News басылымы жазуынша, ерекше жобаны канадалық кәсіпкер Майкл Хендерсон ұсынып отыр. Оның айтуынша, жер серігінің ішінде қонақүй, спорт сарайы және демалыс орындары болады.

30 метрлік тұғырда тұратын “Айдың” құрылысы қашан басталатыны әзірге белгісіз. Мамандардың пікіріне сүйенсек, бұл әлемдегі теңдесі жоқ архитекторлық нысан болмақ. Ол түнде жарқырап тұрады.

Ұсынылатын