Saturday, 23 November,2024

Аягөзде көпірді су шайып кетті

Uaqyt.info
Фото видеодан кадр

Аягөз ауданында жергілікті маңызы бар «Аягөз-Бозай» автожолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Абай облыстық ТЖД мәлімдеді.

“Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы жоқ.

Сонымен қатар, басқа айналма көлік жолдары арқылы елді-мекенмен байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Полиция департаментінің қызметкерлері шектеу белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырды.

Халықты Аягөз өзені арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді, олар қажет болған жағдайда жүзу құралдарының көмегімен өткелдік жұмыстарды жүзеге асыратын болады.

Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы ТЖ-ды жариялады”, - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын