Аягөзде тұрғын үйде болған өрттен 4 бала көз жұмды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Аягөзде жеке тұрғын үйден өрт шығып, соның салдарынан 4 бала қаза тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Абай облысы әкімдігінің хабарлауынша, өрт туралы хабарлама 101 пультіне 25 қазанда сағат 10:49-да түскен. Оқиға орнына барған құтқарушылар өртенген үйден төрт баланың мәйітін тапты.
“Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізуде. Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде. Жағдай ЖАО бақылауында”, - делінген хабарламада.