Saturday, 5 October,2024

Аяғы сынған: Маңғыстауда 8 жасар бала тепкінің астында қалды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында 8 жасар баланы қатарластар соққыға жығып, аяғын сындырып тастаған. Қазіргі таңда бала ауруханада жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Ұлымның сөзіне қарағанда, оны үш қатарласы ұрып-соққан. Олар алдымен баламның жергілікті тұрғын емес екенін айтып, неше түрлі сөзбен тіл тигізген. Ұлым да оларға жауап қатқан. Кішкене уақыттан соң балам інісін ертіп үйге қарай бағыт алған. Осы сәтте сол балалар тағы тиіскен. Екеуі ұлымның иығынан ұстап тұрып, үшіншісі жүгіріп келіп қабырғасынан тепкен. Ұлым құлап қалғанымен, орнынан тұрып қашпақ болғанда, әлгілер қуып жетіп алып, тепкенің астына алған”, — дейді баланың анасы.

Оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

- Мұнайлы аудандық ішкі істер бөліміне сегіз жасар жасөспірім  ата-анасымен бірге жеткізілді. Заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады ведомстводан.

 

 

 

Ұсынылатын