Friday, 22 November,2024

"Аяғыңды күректей қылып..." Айгүл Иманбаева белгісіз жігітке жабыса билеймін деп сынға қалды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Атышулы әнші Айгүл Иманбаева жұрт талқысына түсті. Ол мерекелік кештердің бірінде белгісіз жігітпен жабыса билеген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазбаны әнші әлеуметтік парақшасында жариялады. Видеода Иманбаеваның белгісіз жігітпен жанталаса билегенін байқайсыз. Тіпті бұратыла, жабысып та жүр.

"Кешегі Жұлдыздың туған күнінен бір би болсын. Жалпы жаман биші болмайтын сияқтымын", - дейді әнші.

Десе де, оның бұл әрекеті көпке жақпай қалған. Желі қолданушылары оның биін қатты сынға алуда.

"Аяғыңды күректей ғып билемей-ақ қойшы, өлеңіңді айтып жүре бер". "Не би мынау, жас қыздар құсап осы жасы келген әншілер". "Жігіт мықты билейді екен". "Не керегі бар сол жерде өнер көрсетіп", - деген пікірлерін қалдыруда желідегі жұрт.

Ұсынылатын