Monday, 25 November,2024

Аялдамадағы апат: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматылық дәрігерлер аялдамадағы апаттан зардап шеккен 7 адамның жағдайын бағалады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

 «Бес зардап шегуші түрлі дене жарақатымен Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Тексеруден кейін үшеуі амбулаторлық емдеуге жіберілді. Бір науқастан ығысусыз сол жақ сан сүйегінің сынығы, сол жақ тобығының ығысусыз жабық сынығы анықталса, екінші науқасқа мидың шайқалуы, сол жақ жіліншіктің айдаршығының ығысқан жабық ұсақталған ілінді сынығы диагнозы қойылды. Екі науқас та травматология бөлімшесіне жатқызылды», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынаын.

Ведомствоның хабарлауынша, зардап шеккен екі жеткіншек нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылған.

«15 жастағы балада жабық бас-сүйек ми жарақаты, мидың шайқалуы, жұмсақ тіндердің зақымдалуы диагнозы қойылды. 16 жастағы екінші балада аралас жарақат, жабық бас-сүйек миының жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ жіліншіктің ортаңғы үштен бірінің жабық сынуы анықталды», - деп атап өтті басқарманың баспасөз қызметінен.

 

Ұсынылатын