Аяусыз тепкінің астында қалған баланың жағдайы қалай?
Қызылорда облысының Қазалы ауданында тепкінің астында қалған 15 жастағы студент жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы блогер Үйтолған Жанерке өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. Онда бет-аузынан сау-тамтық қалмаған студентті көруге болады. Айта кетейік, 6 сәуірде бір топ адам, 15 жастағы студентті жабылып ұрған болатын. Алған ауыр соққылардан ол ауруханаға түсті.
“Бала тірі. Бірақ реанимацияда. Аяусыз тепкіден кейін алдымен аудандық ауруханаға түседі. Қуандық - спортшы, таэквондошы. Оның мына күйге түскенін естіген спортшы достары қарымта қайтарамыз деп даурығады. Сол шиеленісті болдырмау үшін, край мен крайды қырқыстырмау үшін ағасы Сағындық осы видеоны түсіріп чатқа салады. "Қуандықтың жағдайы жақсы" дегенді көрсету мақсатында ғана. Мына жерде күшті дәрілердің күшімен ғана отыр. Ауырсынуды сезбеген. Кейін теміржол ауруханасына ауыстырылғасын жансақтау бөліміне түскен. Жағдайы ауыр”, - деді блогер.
Үйтолған Жанеркенің айтуынша, тепкілеген балалар әлі қамалмаған. Олардың ішінде отставкадағы орган қызметкерінің баласы да бар көрінеді.