Sunday, 24 November,2024

Аида Балаева өмірін өксікке толтырған әйелдер туралы айтты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күніне орай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бүгін - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күні. Бұл дата біздің еліміз үшін несімен маңызды, мәні неде, тәлімі қандай? Бұл сұрақтарға жауап қоғамның өзінде жатыр. Өкінішке қарай, әйел затына жасалған зорлық-зомбылық қылмыстар жантүршігерлік сипат алуда. Ең сорақысы, қоғамның бір бөлігінің осындай зомбылыққа еті үйреніп, тұрмыстық әдетке ысыра салуға бейім тұр. Ал осы күні таяқ пен қорлықтан, психологиялық, жыныстық, тіпті экономикалық тұрғыдан зардап шегіп, өмірін өксікке толтырған мыңдаған әйел кейбіреулер үшін тілсіз статистика”, - деді Аида Балаева.

Ұсынылатын