Friday, 3 May,2024

“Айдаладағы арабтан, жанымдағы қырғыз артық”. Қырғызстан Қазақстанға көмек берді

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қырғыз Республикасы су басқан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Су тасқыны салдарынан төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан халқына бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүреді.  

Азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, жылытқыштар және т.б. түріндегі гуманитарлық жүк Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына жіберілетін болады.

Көрші елдің ықыласына ырза болған желі қолданушылары әлеуметтік желіде түрлі пікір жазып жатыр. Ондағылар айдаладағы арабтардан, бауырлас қырғыз елінің жанашырлығына тоқталған.

Ұсынылатын