Saturday, 23 November,2024

Әйелдерге жасалған құрметсіздік: Тәліптер тағы бір тыйымның түрін енгізді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Тәліптер әйелдерге ұлттық саябаққа баруға тыйым салды. Бамиан провинциясындағы Банд-э-Амир ұлттық саябағы – 2009 жылы құрылған Ауғанстандағы алғашқы ұлттық саябақ, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ауғанстанның Ар-ұят министрінің міндетін атқарушы Мохаммад Халед Ханафи мәлімдеді. Оның айтуынша, Бамиан провинциясындағы Банд-э-Амир ұлттық саябағына әйелдер хиджап кимей келген.

Ол бұл мәселе оң шешімін тапқанша, оларға саябақ маңына кіруге тыйым салынатынын жеткізді. Айта кетейік, бұл парк елдегі туристер көп келетін және ел арасында отбасымен уақыт өткізетін танымал орын болып саналады. Бұл Талибан үкіметінің салып отырған алғашқы шектеуі емес.

Олар бұған дейін де шаштараздар мен сұлулық салондарын жабуды бұйырды, ал шілденің ортасында әйелдерге ұлттық университеттерге түсу үшін емтихан тапсыруға тыйым салған болатын. Айта кетейік, Human Rights Watch өкілі бұл шектеуді «Ауғанстан әйелдеріне көрсетілген құрметсіздік» деп атады.

 

Ұсынылатын