- Басты жаңалықтар
- Сот
- Әйелді 35 жерінен пышақтап, денесін көлігіне жасырған: Қылмыскер жазасы өзгерді
Әйелді 35 жерінен пышақтап, денесін көлігіне жасырған: Қылмыскер жазасы өзгерді
Ақтөбеде жұмысына кеткен әйелді жолай 35 жерінен пышақтап, денесін көлігіне тығып қойған қылмыскердің жазасы өзгерді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жантүршігерлік оқиға бойынша бұған дейін үкім шыққан. Ол кезде сотталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді Ақтөбедегі аппелияцилық сот қайта қарап, жаза мерзіміне өзгеріс енгізіп отыр.
"Сот алқасы бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, жаңа айыптау үкімін жариялады. 29 жастағы ақтөбелік аса қатыгездікпен адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жәбірленуші өкілінің пайдасына 8 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді. Апелляциялық үкім заңды күшіне енді", - делінген Ақтөбе облыстық сотының ақпаратында.
Айта кетейік, оқиға биыл ақпан айында болған еді. Жұмысқа кеткен әйел ізім-ғайым жоғалады. Полиция іздеу жұмыстары кезінде 29 жастағы күдіктіні ұстады. Ол 1976 жылғы әйелді пышақтап өлтіріп, денесін көлігіне жасырған.