Saturday, 23 November,2024

Әйелі сәләф па? Айдар Тұрғамбектің әйеліне қатысты сөзі қоғамда шу туғызды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Әйелім тойға бармайды, суретке түспейді деп сұхбат берген әнші  Айдар Тұрғамбек қоғамның қызу талқысына түсті. Оны әлеуметік желіде сынап жатқандар көп, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ол "Қызықты Weekend" бағдарламасында айтты.

"Әйелім сұлу, көз тиеді. Сол себепті көрсетпеймін. Әйелімнің сұлулығына өзім таң қаламын. Ол кісі көпшілік адам емес, тойға да бармайды. Кеше Шымкентте өзінің туысқандарының тойы болды. Сол өзінің туысқанының тойына зорға алып бардым. Ол кісі жақтырмағаннан емес, адам көп жерді, сурет-видеоға түскенді ұнатпайды, балаларды да түсірткізбейді. Үйде балаларды қарап, менің жағдайымды жасап, ең басты нәрселерді орындайды. Бала өмірге алып келеді, соларды тәрбиелейді, тамақтарын дайындайды. Бәрімен танысып, концерттен концертке жүріп не істейді? Мысалы, қазір көбісінің әйелі қалмай жүр ғой. Ол үйде отырып та қолдау көрсетеді, жанымнан табылады. Білімді, керемет адам. Бірақ,  жұртпен араласып кете алмайды", - дейді әнші.

Желі қолданушылары әншінің бұл мәлімдемесіне түрлі пікір жазған. Бірі оның әйелін жат діни ағымда жүр десе, енді бірі жабайы деп пікір қалдырған.

 

Ұсынылатын