Әйелімен төсекте аунаған Абай Бегей көпшіліктен кешірім сұрады
Жақында ғана келін түсіріп, шымкенттіктермен құда болған Абай Бегей құдалықтағы әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Жергілікті жердің дәстүрі бойынша, ол құдалар әкелген көрпе-жастыққа әйелімен аунаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Фариза екеумізді көрпеге аунатқан видеомыз әлеуметтік желіге таралып кетті. Қаншама пікір жазылып жатыр. Ақтаулық достарым "бізде мұндай салт жоқ, қайдан шығарып жүрсің" деп ренжіді. Өз басым осындай дәстүр барын білетінмін, батыс өңірінде жоқ болғасын мән беріп, зерттемеген едім. Оңтүстік өңірде бар екен. Қазақтың ежелгі дәстүрінде де болған. Кейін уақыт өте келе қолданыстан шығып қалған. "Маған ешкім ондай салт-дәстүрдің барын және ол сол жерде жасалу керегін ескерткен жоқ. Видеода да ыңғайсызданып қалғаным көрініп тұр. Бірақ келінімнің 85-ке келген әжесі отыр, жасы мен жолы үлкен құдағайларым отырғасын солардың алдында шалқаймайын дедім. Бірақ ешқандай ұят болатындай әрекет жасамадым. Ерсі қылық, артық қимыл болған емес. Тек қазақтың ескі-салт дәстүрі деп қабылдаңыздар дегім келеді. Артық кеткен болсам, кешірім сұраймын", - деді әнші "Жұлдызды Weekend" бағдарламасында.
Uaqyt.info бұған дейін Гүлзира және Нұртас Айдарбековтердің де құдалық кезінде төсекте аунаған видеосын жариялаған болатын.